Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

"AQMOLA POWER"байқауына дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті

Жыл сайын А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері жастардың шығармашылық, білім беру және әлеуметтік бастамаларын дамыту мен қолдауды ынталандыруға және Қазақстанда өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық идеялар мен жобаларды ілгерілетуге бағытталған жастар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында  өтетін "AQMOLA POWER" инновациялық жобалар байқауына қатысады. Биылғы жыл да назардан тыс қалған жоқ. Жыл сайынғы инновациялық жобалар конкурсының тақырыбы энергетика, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, экология және табиғатты пайдалану салаларындағы бастамалармен байланысты. Біздің жұмыстарымыз тақырыптың өзектілігі, практикалық маңыздылығы, толық ашылуы бойынша бағаланатынын білдік. Осыған байланысты мен және ғ.м. аға оқытушы Е. С. Ешімбай перспективалық жобаны дайындау бойынша жұмыс жүргізді.  Осындай конкурстарға қатысу тәжірибесі бар магистрант Оразов Амангелді қызықты ғылыми жоба ұсынды. Амангелді-жан-жақты дамыған адам, сондықтан да  ол осы  дайындыққа  үлкен жауапкершілікпен қарағанын атап өткім келеді. Біздің күш-жігеріміздің, ғылыми жетекшілеріміздің қолдауының нәтижесінде біз жүлделі орынға ие болып, университетіміздің жоғары деңгейін көрсете алдық. Диплом мен ынталандыру сертификатын Көкшетау қаласы әкімінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде тапсыру жоспарланып отыр.

1.png

 Оразов О. Ш., ғ.м..,  ЖҚҰТП және КБ кафедрасының аға оқытушысы