Document
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Бос лауазымдық орындар

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті  жаңа мамандық түрлерінің ашылуына байланысты  бос лауазым орындарына  конкурс жариялайды: профессорлар (конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің, "қауымдастырылған профессор (доцент)" ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы)  міндетті; қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми- педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс); аға оқытушылардың (конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі және/немесе ғылыми дәрежесінің болуы); заңгерлік, экономикалық, педагогикалық,психологиялық, тіл мамандығы бойынша, техникалық және физика-математикалық (тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру, көлікті пайдалану, ақпараттық жүйелер, информатика), әлеуметтік-гуманитарлық (конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы) бойынша жоғары білім, жаратылыстану-ғылыми, өнертану (дизайн, мәдени-тынығу жұмысы) пәндері бойынша, сондай-ақ "Дене шынықтыру және спорт" және "Бастапқы әскери дайындық" білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылар.

Жалақы жоғары. Басқа қалалардан келген ғылым докторларына, кандидаттарына, PhD докторларына қызметтік пәтер беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (27.07.2023 - 26.08.2023)

күнтізбелік күннен кешіктірілмей мына мекенжай бойынша қабылданады: 020000,

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 189 А., 206 каб.

Анықтама мына телефондар бойынша: 25-42-59, 8-707-423-42-72.

 

Халықаралық бөлімге ағылшын тілін жетік білетін маман қажет. Лауазымның құзыретіне шетелдік мамандармен жұмыс жасау, сонымен қатар шетелдік іссапарлар кіреді. Жалақысы жоғары. Байланыс телефондары: 25-42-59, 8-707-423-42-72