Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Ғылыми әлеуетті практикада тиімді пайдалану

«Наука – не предмет чистого мышления, а предмет мышления, постоянно

вовлекаемого в практику и постоянно подкрепляемого практикой».

Д. Бернал

 Мемлекет басшысы Қ.Ж Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында білім министрлігінің міндеті бірінші кезекте жоғары білім сапасын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Жоғары оқу орындары кадрларды сапалы даярлауға жауапты болуға және ғылымды дамытуды аса маңызды басымдық деп санауға тиіс. Осыған орай, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Заң факультеті жанындағы "Заң клиникасы" халыққа көрсетілетін құқықтық қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл қызметтің басым бағыттарының бірі ғылыми әлеуетті практикада тиімді пайдалану болып табылады. Ағымдағы  жылдың  12 қазанынан бастап клиника жұмысына белсенді қатысқан оқытушы, з.ғ. к. М. К. Жолымбаев тәуелсіз Республикалық заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілді.   Клиника жұмысына Заңтану кафедрасының жетекші оқытушылары: с.ғ.д.Бухаева А. А., з. ғ.к. Тоғайбаева Ш. С., з. ғ. к. Сатыбалди Л., з. ғ. м. Байжанов Е. А. және т. б. қатысады, сондай-ақ заңгер-практиктер тартылады. Заң ғылымы мен практикасы қазіргі заманғы, серпінді дамып келе жатқан қоғамның өміріне табысты және өнімді қатысуға қабілетті заң кадрларын даярлаудан, сондай-ақ білікті заң көмегін көрсетуден тұратын бір функцияны жүзеге асыруға бағытталған.

1.png

А.Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі