Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Халықаралық конференцияға қатысу

Ағымдағы жылдың  11-13 қазанда Алматы қаласында халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында "Қазақстан университеттері жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқытуда сапаны қамтамасыз ету процестерін жетілдіру үшін" KUTEL жобасына қатысушылардың халықаралық конференциясы мен ақтық кездесуі өтті, оған А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жоба зерттеушілері химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, өңірлік даму ҒЗИ директоры Н. С. Саликова және оқу процесін жоспарлау және басқару орталығының бастығы Е. П. Игонина қатысты. Осы отырыста қатысушылар Қазақстандағы білім беру үдерісін дамытудың өзекті бағыттарын қарастырды. Технологияларды пайдалана отырып, оқыту сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін (TEL) енгізу арқылы жоғары білім беруді реформалау және жаңғырту процестерін талқылады. Конференцияда х.ғ. к., қауымдастырылған профессор, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өңірлік даму ҒЗИ директоры Саликова Наталья Семеновна "Электрондық оқыту: оқыту сапасын бағалаудың жай-күйіне, сын-тегеуріндері мен проблемаларына шолу" тақырыбында баяндама жасады. Жоба жоғары оқу орындарын АКТ-ны пайдалана отырып оқытуды жетілдіруге ынталандыру тұрғысынан "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыруға ықпал етеді, сондай-ақ бүкіл білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның құрылымдалған стратегиясының арқасында үш жылдық жұмыс барысында оқыту және ТЕL енгізу тақырыбына түрлі тренингтер өткізілді, еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім сапасының жағдайына талдау жүргізілді, оқыту сапасына қол жеткізу үшін оқу курстары әзірленді және игерілді. Семинарларда әр модульден кейін қатысушылар оқыту әдістемесін жаңғырту және реформалау мәселелерін кеңінен талқылады. Бүгінгі таңда KUTEL жобасы барлық қойылған міндеттерді сәтті орындай алды және сәтті аяқталды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

Игонина Е.П., А.Мырзахметов атындағы КУ  ОПЖБО бастығы