Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Мемлекеттік тілді үйрену

2021 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің   тіл мәселесіне   қатысты іс-шараларды орындау мақсатында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесу барысында студенттер қазақ тілін үйренуге арналған ҚР БҒМ тіл саясаты комитетінің электрондық порталдарымен танысты. Аталған кездесуде  тілдің әлеуметтік, қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін «ТІЛ ӘЛЕМІ»,  «ABAI.INSTITUTE» порталы, «TERMINCOM.KZ» және  «EMLE.KZ» электрондық  сайты, қазақ тілін  оқытуға арналған тегін веб-сервис - «Til-qural» порталы,  іс қағаздарды ресімдеу мақсатында «Qujat.kz» сайты, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттауға бағытталған «Qazlatyn.kz» ұлттық портал туралы танымдық мәліметтер берілді. Қоғамдағы тілдік сұраныстарға орай студенттердің туындаған сұрақтарына онлайн режимінде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық орталығының білікті мамандары толыққанды жауап бере алатындары туралы да айтылды.  Студенттер тарапынан қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өту үрдісі бойынша сұрақтар қойылды. Кездесу қызықты өтті. Студенттеріміз пайдалы әрі қажеттті мәліметтер алды. 

1.jpg

2.jpg

Абильмажинова Б. Ж., к.ф.ғ., «Шет тілдері және аударма ісі»

кафедрасының оқытушысы